MySQL және MariaDB жүйесімен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды конфигурациялау

Алдын ала талаптар

Есептік жазбаларға құқықтарды тағайындамас бұрын келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Жергілікті әкімші есептік жазбасымен кіргеніңізге көз жеткізіңіз.
  2. MySQL немесе MariaDB жүйесімен жұмыс істеу үшін ортаны орнатыңыз.
  3. Басқару сервері орнатылатын Windows есептік жазбаңыз бар екеніне көз жеткізіңіз.
  4. Басқару сервері қызметі іске қосылатын Windows есептік жазбаңыз бар екеніне көз жеткізіңіз.

Басқару серверін орнату үшін есептік жазбаларды конфигурациялау

Басқару серверін орнату үшін есептік жазбаларды конфигурациялау үшін:

  1. ДҚБЖ орнату кезінде жасаған root тіркелгісінде MySQL немесе MariaDB жұмыс ортасын іске қосыңыз.
  2. Құпиясөзі бар ішкі ДҚБЖ есептік жазбасын жасаңыз. Басқару сервері қызметі және Басқару серверін орнату бағдарламасы (бұдан әрі - орнату бағдарламасы) ДҚБЖ-не қатынасу үшін осы ДҚБЖ ішкі есептік жазбасын пайдаланады. Осы есептік жазбаға келесі құқықтар беріңіз:
    • Артықшылықтар схемасы:
      • Басқару сервері дерекқоры: ALL (GRANT OPTION қоспағанда).
      • Жүйе схемалары (mysql және sys): SELECT, SHOW VIEW.
      • Sys.table_exists сақталатын рәсімі: EXECUTE.
    • Барлық схемаларға арналған жаһандық артықшылықтар: PROCESS, SUPER.

    Ішкі ДҚБЖ есептік жазбасын жасау және осы есептік жазбаға қажетті құқықтарды беру үшін, төмендегі скриптті іске қосыңыз (бұл скриптте ДҚБЖ есептік жазбасы – KCSAdmin, ал Басқару сервері дерекқоры атауы – kav):

    /* KSCAdmin атауы бар пайдаланушыны жасау */

    CREATE USER 'KSCAdmin'

    /* KSCAdmin үшін құпиясөз көрсету */

    IDENTIFIED BY '<құпиясөз>';

    /* KSCAdmin артықшылықтарын ұсыну */

    GRANT USAGE ON *.* TO 'KSCAdmin';

    GRANT ALL ON kav.* TO 'KSCAdmin';

    GRANT SELECT, SHOW VIEW ON mysql.* TO 'KSCAdmin';

    GRANT SELECT, SHOW VIEW ON sys.* TO 'KSCAdmin';

    GRANT EXECUTE ON PROCEDURE sys.table_exists TO 'KSCAdmin';

    GRANT PROCESS ON *.* TO 'KSCAdmin';

    GRANT SUPER ON *.* TO 'KSCAdmin';

    MariaDB 10.5 немесе одан бұрынғы нұсқасын ДҚБЖ ретінде пайдалансаңыз, сізге EXECUTE құқығын берудің қажеті жоқ. Бұл жағдайда скриптіден келесі пәрменді алып тастаңыз: GRANT EXECUTE ON PROCEDURE sys.table_exists TO 'KSCAdmin'.

  3. ДҚБЖ есептік жазбасына берілген артықшылықтар тізімін көру үшін келесі скриптті іске қосыңыз:

    SHOW grants for 'KSCAdmin';

  4. Басқару сервері дерекқорын қолмен жасау үшін, келесі скриптті іске қосыңыз (бұл скриптте Басқару сервері дерекқорының атауы – kav):

    CREATE DATABASE kav

    DEFAULT CHARACTER SET ascii

    DEFAULT COLLATE ascii_general_ci;

    Сондай-ақ, ДҚБЖ есептік жазбасын жасайтын сценарийде көрсеткен дерекқордың атауын пайдаланыңыз.

  5. Орнату бағдарламасын іске қосу үшін пайдаланылатын Windows есептік жазбасымен жүйеге кіріңіз.
  6. Орнату бағдарламасын іске қосыңыз.

    Басқару серверін орнату шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  7. Басқару серверінің таңдаулы орнатылымын таңдаңыз.
  8. Басқару сервері дерекқоры сақталатын ДҚБЖ ретіндегі Microsoft MySQL немесе MariaDB тармағын таңдаңыз.
  9. Басқару сервері дерекқорының атауын көрсетіңіз. Скриптте көрсетілген дерекқордың атауын пайдаланыңыз.
  10. Скрипттің көмегімен жасалған ДҚБЖ есептік жазбасының есептік деректерін көрсетіңіз.
  11. Басқару сервері қызметін іске қосу үшін қолданылатын Windows есептік жазбасын көрсетіңіз.

    Сіз бар Windows пайдаланушы есептік жазбасын таңдай аласыз немесе орнату бағдарламасын пайдаланып, автоматты түрде KL-AK-* Windows есептік жазбасын жасай аласыз. Таңдалған есептік жазбаға қарамастан, орнату бағдарламасы Басқару сервері қызметінің есептік жазбасына қажетті жүйелік құқықтарын тағайындайды.

Орнату аяқталғаннан кейін, Басқару серверінің дерекқоры құрылады және Басқару сервері жұмыс істеуге дайын.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу